Елбасы Назарбаев университетіндегі білім алушылардың санын 2 есеге арттыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Назарбаев университетіндегі білім алушылардың санын 2 есеге арттыруды тапсырды

23.01.2019

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім екенін ерекше атап өтті. Бүгінде білімнің биік көкжиегінде көші ілгері елдер әлемді ауызына қаратып отыр.

Мысалы, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сыңды мемлекеттер идеялар мен технологияларды шебер орындаудың, қажырлы еңбектің арқасында зор табыстарға жеткені анық. Осы орайда еліміздегі білім ордаларының заманауи талаптарға қомақталуы, техникалық мүмкіндіктерінің қарыштауы маңызды.

Еліміздегі Назарбаев университеті бүгінде Қазақстандағы жастарды жан-жақты біліммен қамтамасыз етіп, болашаққа бағдарлы саясат ұстанып отырған орда. Өнер ордасы халықаралық білім үлгісін және тәжірибесін ұштастыратын ұлттық бренд ретінде құрылған.

Бұл жерде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Оның іші бөлек әлем секілді. Оқу орны замнауи техникамен қамтылған. Университетте спорт зал, кітапхана, ойын-сауық зертхана, компьютерлік және мультимедиялық топтар, сыныптар, студиялар, инклюзивті білім беру құралдар, дүкен, асхана, тынығу бөлмелері бар.

Білім беру ұйымының есігі бір сәтке жабылмайтын мекен - кітапхана. Оқу залының жалпы аумағы 10 мың ш.м. Университетте 5 мыңға жуық студент бар. Профессорлар мен ұстаздардың саны - 470. Олардың 75 пайызы шетелдік ұстаздар.   

Елбасы білім алушылардың санын 2 есеге арттыруды тапсырды. Назарбаев университетінің құжаты - халықаралық үздік мансаптық жетістікке жолдама.

Білім алушылардың арманына айналған еліміздегі үздік университеттердің бірі туралы толығырақ.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу