Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жаңа маусымын ашты.
Бүгін Григорий Гориннің шығармасы бойынша сахналанған «Ұмытыңдар оны...» қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
«Атың шықпаса, жер өрте» сөзі текке айтылмаған. Есімдерін тарихта қалдыру үшін кейбір адамдар түрлі әрекетке баруға дайын. Шеберлер 120 жылдан аса уақыт салған әлемнің жеті кереметінің бірі - Артемида ғибадатханасын қала тұрғыны Герострат бір түнде өртеп жібереді. Не үшін? Біреулер даңқын асыру үшін десе, енді бірі жауапсыз махабаттың күйігінен дейді. Әйтеуір, бір құпиясы бары анық.
Режиссер драманы трагикомедия жанрында сахналаған. Ежелгі Афиныда болған оқиға желісін негізге ала отырып, туындыны қазіргі уақытқа лайықтап, бүгінгі адамдардың таным-түйсігіне жақындатуға күш салған. Себебі, кез келген жолмен танымалдылыққа ұмтылу - қазіргі қоғамның өршіп тұрған кеселдерінің бірі.
Театр жаңа маусымда бірнеше жаңа қойылым сахналайды.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.