Қарағанды тұрғындары сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды тұрғындары сусыз қалды

28.08.2019

Қарағандыда бүгін сағат таңғы 05:00 шамасында Жауынгер-интернационалистер саябағы маңында орталық су жүйесінің құбыры жарылды. Салдарынан қаланың Оңтүстік-Шығыс аумағындағы үйлер сусыз қалды. Құбырдан ақау шығып көше бойы көл болған сәтті куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған. «Қарағанды су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан берілген мәлімет бойынша, дәл осы саябақ маңында диаметрі 500 милиметрлік құбыр қысымға шыдас бермеген. Қазір ол жерде мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін кешке дейін су беріледі.

Айнұр Әкеева, «Қарағанды су» ЖШС баспасөз қызметінің маманы:

Барлық материалдармен, көліктермен жабдықталған кәсіпорын бригадасы апат орын алған жерге жетіп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл су құбыры желісі «Қарағанды су» теңгерімінде жоқ. Сенімді басқаруға берілген. Сусыз қалған тұтынушыларға арнайы көліктермен су жеткізу ұйымдастырылған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу