Қазақстанның құс өсірушілер одағы АҚШ-тың ет өнімін елге кіргізуге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның құс өсірушілер одағы АҚШ-тың ет өнімін елге кіргізуге қарсы

28.08.2019

Алайда оған тосқауыл болуға дәрменсіз. Себебі Дүниежүзілік сауда ұйымымен жасасқан шарт талабы бойынша жылына 140 мың тонна тауық еті жеткізілуі тиіс екен. «Қоймада жылдар бойы сақталғандықтан, ол тауар сапасыз», - дейді. Бұл отандық кәсіпкерлердің өндірісіне кедергі келтіреді.

Ал ішкі нарықтың сұранысы 350 мың тонна болса, биыл соның 250 мың тоннасын қамтамасыз ету жоспарланған. Енді осы және өзге де мәселелер төңірегінде Еуразиялық құс өсірушілер қауымдастығы бірлесіп жұмыс істемек. Оның құрамына Қырғызстан мен Армения мемлекеттері қосылды.

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті:

Ресей кіргізбеді. Сол 2-3 жылдың ішінде Ресейдің құс шаруашылығы қалай өсті? Қазір 3 млн-дай ет өндіреді. Былтырғы жылдары біз қарсы болғанбыз. Ресей арқылы жүреді ғой бізге. Былтыр Ресей жібермей қойып біраз жақсы болып қалған. Бірақ олар Грузия арқылы кіргізіп отыр.

Құс өсірушілердің VIII форумында еліміз 2027 жылға дейін жоспар бекіткенін айтты. Сол мерзімде жұмыртқаны 7,5 млрдқа дейін, ал құс етін 740 мың тоннаға дейін жеткіземіз деп мақсат қойған. Сонда тауарды экспорттау бағыты көбеймек. Қазірдің өзінде мұсылман мемлекеттерінен сұраныс көп.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу