Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында жедел басқару орталығы салынып жатыр. Бұл осы аймақтағы моноқалаларда алғаш іске қосылатын нысан болмақ. Соның арқасында көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп орнатып, құқықбұзушылықпен күресу жұмыстары ширай түспек.
Ең бастысы, қылмыс тіркелген жағдайда, оқиға орнына дереу жету мүмкіншілігі артпақ. Қазір қалада 48 бейнебақылау камералары орнатылған. Орталық іске қосылғаннан кейін 100-ден аса арнаулы қадағалау қондырғылары жұмыс істейді.
Талғат Сартов, Полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта Ақсу қаласындағы қылмыстық оқиғалардың 70 пайызы анықталады деп ресми түрде айтуға болады. Әрине, құқықбұзушылық, қылмыс орын алған жағдайда бірден хабардар болу іздестіру жұмыстарын жеделдетеді. Ал ақпарат кеш түскен жағдайда қиын. Жаңа басқару орталығы іске қосылған соң біз қылмысты ашу дерегін 100 пайызға жеткізуге тиіспіз.
Болат АМАНБАЕВ