Несие бойынша қарыздары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі әлі де толықтырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие бойынша қарыздары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі әлі де толықтырылады

29.08.2019

Бүгін, Үкіметтке өткен баспасөз мәслихаты кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осылай деді. Аталған тізімде 507 мың адам бар. Қазақстандықтарға қатысты мәліметтерді жинау барысында ерлі-зайыптының әрқайсы жайлы мәлімет сараланады. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы болса, жәрдемақының кімнің атына рәсімделгені тексерілмек. Яғни, ерлі-зайыптының әрқайсының кредиті бар-жоғы ескеріледі. Осыдан кейін ол мәліметтер проблемалық кредиттер қорына жіберіледі. Жалпы, қазіргі таңда 1млн 192 адамның банк алдында қарызы өтелді. Өтеменің жалпы соммасы 33 млрд теңгеге таяу.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу