Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасап отыр.
Биыл жыл басынан бері бұл дертке 365 000 адам шалдыққан. Одан көбінесе балалар мен жасөспірімдер зардап шегеді. Вирусты жұқтырғандар көшін Конго Демократиялық Республикасы бастап тұр. Мұнда биылдың өзінде 155 460 науқас тіркелген. Ал, АҚШ-тың 30 штатында дүйсенбі күні «қызылша» вирусы 1215 адамнан анықталды.
«Эпидемияның жаппай таралуына – денсаулық сақтау жүйесінің осалдығы, вакцинаның жетіспеушілігі, дер кезінде ем қабылдамау себепші», дейді ұйым өкілдері. Статистикалық деректерге жүгінсек, жұқпалы індеттен 2017 жылы 109 мың адам қайтыс болған. Сондықтан, халықаралық медициналық мекеме қызылшаға қарсы вакцинаны қолданып, онымен бірлесе күресу қажет деп дабыл қағып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ