Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан кеншілерінің атынан ұжымдық хат келді. Шахтерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне кәсіби мерекемен құттықтап, тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс айтты. «Қазақстанның барлық кеншілері халықтың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі бастамаларыңызды толық қолдайды. Біз, еңбек адамдары, әрқашан Көшбасшымыз – Сіз үшін және Отанымыз – Қазақстан үшін қорған боламыз»,- делінген жедел хатта.
Д.НУРКИН