Бүгін Үкімет отырысында бюджеттік жоспарлау мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Үкімет отырысында бюджеттік жоспарлау мәселесі талқыланды

27.08.2019

Экономиканы тұрақтандыру – басты бағыт. Алдағы үш жылдың бюджеті бүгін Үкіметте қаралды. 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген заңжобаны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов таныстырды. Құжатта тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету, бюджет кірістерін әкімшілендіру сапасын және  фискалдық орталықтанудан шығару мен өңірлердің дербестігін арттыру, бюджет шығыстарын оптимизациялауға ерекше екпін қойылған. Яғни жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуін, инфляцияның орташа жылдық дәлізін 2022 жылы 3-5% дейін төмендету, бюджет кірістерін әкімшілендіру сапасын арттыру үшін мұнайға жатпайтын түсімдерді көбейту аса маңызды болып отыр. Бұл – ел алдында тұрған негізгі межелер. Президент тапсырмасына сәйкес, бюджет шығыстарын оптимизациялау бойынша да, бірқатар жұмыстар жүргізілген. Үкіметте қабылданған заң жобасы таяуда Мәжілістің қарауына жіберілмек.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі:

Имидждік шығыстарды оңтайландыру, мемлекеттік тапсырмалардың біразын мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті тетіктеріне көшірумен және шығыстарды оңтайландырумен мемлекеттік тапсырмалардың санын қысқарт, тиімсіз шығындарды приоритетті бағыттарға бағдарлау,  әкімшілер бюджеттік өтінімдерін берген кезде құнын асыруға жол берілген бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру. Бұл жұмыстың нәтижелері бюджет жобасында ескерілген.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
 

Хабарламаларға жазылу