Жанжал кезінде оқ атып, бір адамды өлтіріп, үш адамды жаралаған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанжал кезінде оқ атып, бір адамды өлтіріп, үш адамды жаралаған тұрғын ұсталды

27.08.2019

Тағы бір қылмыстық оқиға Нұр-Сұлтан қаласы маңында болды. Керісіп қалған бір топ адам бір біріне қару кезенген. Салдарынан төрт адам жараланып, бірі көз жұмды. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, күдіктілер қолға түскен.

Атыс 25 тамызда күндізгі сағат 4-тер шамасында қала маңындағы Маман саяжайында болды. Міне, мына үйдің алдында. Қазір дарбазасында полиция мөрі тұр. Көршілерін сөзге тартып көріп едік, жүзін көрсетпеуді өтінді.

Полицейлер қылмысқа 6 адамның қатысы бар екендігін айтады. Әзіргі мәліметке сәйкес, өзара дау-дамай туындапты. Соңы атысқа ұласқан. Түрлі дене жарақатын алған үшеу дәрігер қарауынан соң үйлеріне қайтарылды. Ал бір адам ауруханада көз жұмды. Оқ атқан екі күдікті қолға түсіп, біреуінен аңшы қаруы тәркіленген.

 Софья Қылышбекова, Қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Кезекшілік тәуліктің ішінде қылмысты ашқан. Сол жерде күдіктілер қашып үлгерген. Бірақ олар көп ұзамай қолға түсті. Қолға түсіп қазіргі таңда оларға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Күдіктілер кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет ету баптары бойынша айыпталуда.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу