Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.