Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

15.07.2019
Білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бекітіледі

2019 жылдың соңына дейін Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі.

Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

«Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Жалпы саны 500 мектеп тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде 100-ден астам мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру есебінен салынады», - деді Асқар Мамин. 

Одан бөлек, мемлекеттік жеке кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылмық. Ал 2021 жылы мектептерде, колледждер мен ЖОО толығымен жаңа оқыту бағдарламаларына көшеді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу