Мемлекет басшысы электрондық үкімет порталының жұмысын күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы электрондық үкімет порталының жұмысын күшейтуді тапсырды

15.07.2019
Мемлекет басшысы электрондық үкімет порталының жұмысын күшейтуді тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев электрондық үкімет порталын насихаттау үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін айтты.

«Бүгінде біздің азаматтар мемлеткеттік қызметтердің 70 пайызға жуық түрін, яғни 750 қызметтің 504 түрін электрондық үкімет порталы арқылы алады. Осы қызметтердің тек бесінші бөлігі электрондық форматта ұсынылады. Бұл өз кезегінде халықтың қызметтер жайында әлсіз ақпараттандырылғанын, техникалық әрі рәсімдік қиындықтардың бар екенін білдіреді. Электрондық үкімет порталын насихаттау мен оның жұмысын қамтамасыз ету бойынша Үкімет тиісті шараларды қабылдауы керек», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу