ҰБТ- 2019: Ерекшелігі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ- 2019: Ерекшелігі қандай?

15.06.2019

Биылғы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

 

11 жыл оқығанды үш сағаттық тестке тіреп, 1-сынақтан құлағанды іреп салатын жүйе жүйкеге тиіп бітті деп орынды сынағандар болды. Сол үшін биылғы түлектерге ҰБТ-ны 4 рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Басқасын қайдам, бастысы түлектердің көңілі қонды бұл қадам. Солай емес пе? Қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. Бір жақсысы, қаңтардағы тесттен құлағандар наурыздағы сынаққа қатысты, одан да жолы болмағандар маусымдағы сынаққа белді бекем буып бет алды. Егер маусымда сүрінгендер болса тамызда тағы көрсе болады. Ескере кететін жайт, мемлекеттік грант тағайындалатын ҰБТ осы маусымда өтеді, сондықтан арнайы бағдарлама дайындадық бүгін.

 

5 пәннен берілетін тапсырмаларды тапжылмай орындауға 230 минут уақыт беріледі

Мәліметтер былай мәлім етеді, 2018 жылы 147 000 оқушы мектептен түлеп ұшса, соның 98698-і ҰБТ тапсырған. Ал 2019 жылы 143 000 түлектің 77 мыңы тест тапсыруға тәуекел еткен. Барлығына сәттілік тілейміз.

 Сынақ туралы сараптаманы Назым Қайраттан білейік.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу