Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды

13.06.2019

Асхат Қанатұлы Қарағанды облысының тумасы. Мамандығы – мұғалім. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факултетінде оқыған. Кейін құқықтану мамандығы бойыншада білім жетілдірген.

 

Асхат Аймағамбетовке бұл министрлік таңсық емес, 2017 жылы министрдің орынбасары болып, онда екі жыл қызмет етті. Осы жылдың басынан Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

 

2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

 

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған. 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы. 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры. 2006-2012 жылдары Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ Саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

 

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

 

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

 

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу