Президент айтқан 10 басым бағыт экономикалық және саяси жүйенің дамыуна серпіліс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент айтқан 10 басым бағыт экономикалық және саяси жүйенің дамыуна серпіліс береді

13.06.2019

Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің ұлттық коалициясының отырысында Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

 

Демократиялық күштер бүгін дөңгелек үстел өткізіп, елдегі соңғы саяси науқанға қатысты пікірлерін ортаға салды. Кәсіпкерлер палатасы мене ардагерлер кеңесі бастаған барлық үкіметтік емес ұйым өкілдері саяси сабақтастық үрдісіне қолдау білдіріп, жаңа Президенттің бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

 

Бұл ретте, Президенттің алғашқы жарлығымен құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бастамасы көптің көңілінен шықты.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

 

Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен қоғамның арасындағы диалогты одан әрі қарай дамытуға ерекше назар аудары керктігіне ерекше көңіл аударды. Соның нтәижесінде қоғамдық кеңесі құрылды. Бұл азаматтық қоғамды дамытуға жаслаған нақты қадам.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу