Солтүстік Қазақстан облысына 47 шетелдік байқаушы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысына 47 шетелдік байқаушы келді

10.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау кезінде 663 учаске жұмыс істеді. Өңірге шет елдерден 47 байқаушы келді. Олардың 22-сі Еуропа елдерінен болса, 25-і Ресейдің көрші облыстарынан. Байқаушылар учаскелерде болып, дауыс беру процесінде заңның орындалуын қадағалады. Теріскейге табан тіреген шетелдіктердің айтуынша, облыста заңбұзушылықтар байқалған жоқ, бәрі заң шеңберінде өтті.

Есенғали Ыбыраев, байқаушы:

Мен байқаушы ретінде Шал ақын ауданында болып, сайлау учаскелерін араладым. Тәртіпбұзушылықтар, заңға қайшы әрекеттер байқалған жоқ. Ең бастысы - халықтың сайлауға деген қызығушылығы, таңдау жасауға деген ұмтылысы жоғары екені көрініп тұрды. Басым бөлігі түске дейін дауыс беріп кетті. Осыдан халықтың белсенділігін байқадым.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу