ТМД байқаушылары: Сайлау әділ әрі ашық өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД байқаушылары: Сайлау әділ әрі ашық өтуде

09.06.2019

Сайлау әділ әрі ашық өтуде. Бұл пікірді сайлауға ТМД-дан келген байқаушылар айтып отыр. Қазақстан халқы үшін тарихи сәтке бағаланған саяси шараны ТМД аумағынан келген 420 байқаушы қадағаламақ.

Бүгін олар Нұр-Сұлтан қаласындағы №137 сайлау учаскесінің ашылуына куә болды. Байқаушылардың пікірінше, Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес сайлауды ашық және адал өткізуге үлкен мән беріп отыр. Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес, халықаралық бақылаушылардың тиімді жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, елордалықтар үшін 238 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Жалпы, бас шаһарда 665 мың 463 сайлаушы тіркелген.

 

Хабарламаларға жазылу