Халықаралық бақылаушылар Қазақстанда дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған деген пікірде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық бақылаушылар Қазақстанда дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған деген пікірде

09.06.2019

Қазақстанда дауыс беруге қолайлы жағдай жасалған, учаскелік кабинеттер де қолайлы таңдаған. Сайлау учаскелеріндегі халықаралық бақылаушылардың пікірі осындай. Тұрғындардың белсенділігі айқын көрініп тұр дейді олар. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. Жалпы маңызды науқан жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Монтасер Абу Зейд, халықаралық бақылаушы:

Таңертеннен бері он сайлау учаскесінде болдым. Байқағаным, халық өте белсенді, жақсы көңіл-күймен қатысып жатыр. Ешқандай заң бұзушылық көрмедім. Қазақстан әлемге демократияның жарқын үлгісін көрсетіп жатыр деуге болады.

Хасан Канболат, халықаралық бақылаушы:

Мен әлемнің біраз елдерінде Еуропаның халықаралық ұйымдары мен Түркия мемлекеті атынан бақылаушы болған адаммын. Сондықтан бұл сайлаудың демократиялық түрде, халықаралық өлшемдерге сай өтіп жатқанын көрдік. Еуропада атап айтқанда, Германия, Англия, Франция мен Түркияда сайлау қалай өтсе, мұнда да дәл солай өтуде.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу