Ақтөбеліктер бүгін белсенді дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеліктер бүгін белсенді дауыс берді

09.06.2019

Жас та, жасамыс та ел болашағы үшін дауыс берді. Тіпті, сайлаушылардың арасында ғасыр жасаған кейуана да бар. Әріптесім Жақсыбек Кемал сайлау учаскелеріне келген шежіре кеуде қазыналы қарттармен тілдесті.

Жәкібай Бисенғалиева өңірдегі ең жасы үлкен сайлаушының бірі. 103-тенасқан кейуана номері 26-ыншы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.Қызығы кейуана сайлауға сонау 40-ыншы жылдардан бері қатысып келеді екен. «Бірде бір саяси науқаннан сырт қалғаным жоқ», - дейді.

Жәкібай Бейсенғалиева, қала тұрғыны:

Қайдааа, 37-інші жылы басталды ғой сайлауды, содан бері қарай білеміз ғой. Не деп қаламын? Қалып көргенім жоқ. Ол уақытта кішкене мұндай емес қой. Қазір ерекшелігі бар ғой. Ол кезде телефон жоқ.

Әлемді аузына қаратқан әнші Димаш Құдайбергеннің ата-әжесі де саяси науқаннан сырт қалған жоқ, өз аумақтарындағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Олар: «Баламыз Қазақстанды әлемге танытты. Ел мерейі одан әрі үстем болсын деп және жастардың болашағы жарқын болуы үшін таңдау жасадық».

Құдайберген Айтбаев, Димаштың атасы:

Сайлаудан қалмаймыз. Сайлауболса міндетті түрде барамыз. Ол үлкен мемлекеттік науқан болғаннан кейін,үлкен мейрам болғаннан кейін оны жіберуге болмайды ғой енді. Елдің тағдыры соған байланысты. Өзіміздің ойымыздағы адам билікке келсе, Президент болса, елді жақсы басқарса деген тілегіміз бар.

«Айтбаевтар дауыс берген 23-шісайлау учаскесі «Тұлпар» балабақшасының ғимаратында орналасқан. Бір қызығы, әлемдіаузына қаратқан әншінің өзі кішкентай кезінде дәл осы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленген.

Хабарламаларға жазылу