Сайлау-2019: ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сұқбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2019: ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев сұқбат берді

07.06.2019

Біз сайлаудан тек кемшілік түзуге емес, Қазақстандағы әріптестерімізге көмектесуге және қолдау үшін келдік. ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев осылай деді. Ол өз құрамымен алдымен орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесті.

Кейін журналистерге сұхбат берді. Жалпы достастық елдерінің өкілдері Қазақстандағы бақылау жұмысына 20-шы мамырда кіріскен. 8 мемлекеттен 432 байқаушы келіп отыр. Миссия науқан өтіп жатқан елдің ішкі жұмыстарына араласпауды негізге алатынын айтты. Олар үшін Қазақстандағы заңдылықтардың қатаң орындалуы ғана маңызды.

Сергей Лебедев, ТМД миссиясының басшысы:

Сайлау құқына қатысты халықаралық ортақ норма болса да әр мемлекет саяси науқанды қалай өткізгісі келсе өз таңдаулары. Сонымен қатар, сонда мойындалған ұлттық дәстүрлерге сыйластықпен қарауға тиіспіз.

Ал егер баға берер болсақ, бәрі рет-ретімен жүйелі ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері дұрыс ғимараттарда орналасқан, құрал-жабдық толық әрі барлық жерде мәліметтер бар. Тек сайлау күні учаскелердің уақытылы ашылуы керек. Әйтпесе кешіктірілген деректер болған.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу