Дауыс беру тәртібі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дауыс беру тәртібі

07.06.2019

Елімізде бірнеше рет сайлау өтсе де, кейбір тұрғындар дауыс беру тәртібін білмейді. Сайлаушылардың арасында бір өзі, отбасы мүшелері  үшін дауыс берем деп келетіндер де бар екен. Мұнан бөлек, бюллетеньге бірнеше кандидатты белгілеп, шимайлап кететіндер де кездеседі дейді мамандар. Тілшіміз Сәуле Алдамұратқызы Елордадағы сайлау бөлімшесінің басшысымен кездесіп, дауыс беру кезінде нені ескеріп, неден бас тарту керектігін біліп келді.

 

Бөлімде дайындық жұмыстары қарқын алған. Басты бір ескеретін жайт - сайлаушы тек өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша ғана дауыс береді. Яғни үйіңіздің маңындағы сайлау бөлімшесіне барасыз. Дегенмен сайлау күні жолға шығып кеткен азаматтар алдын-ала учаскесінен тиісті құжат- анықтамаларын алып кетуі тиіс. Яғни ол  құжатсыз - барған өңірінде дауыс бере алмайды.

Сәния Түктібаева, №67 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:

Егер біздің учаске бойынша тіркеуде болатын болса, бірақ та тізімде болмай қалуы мүмкін. Сол кезде біздің сайлау участкесінде мини ЦОН дейді анықтама қағазын беретін адамдар отырады. Сол кісілерге қарай өтеді де, өзінің қолындағы төл құжатын көрсетіп, егер тізімде жоқ адам тіркеуде болатын болса, қолындағы қағазын алып, сол анықтама қағазы бойынша қосымшы тізім болады. Сол тізімге өзіміз қосамыз да, содан кейін қолдарына бюллетеньдерін беріп, олар дауыс берулеріне болады.

 

Таңдауға келсек - бірнеше үміткердің атын белгілеуге жол жоқ. Олай істейтін болсаңыз, еңбегіңіздің еш кеткені.

 

Сәния Түктібаева, №67 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:

 

Бюллетеньді алғаннан кейін дауыс бергісі келген кандидатқа емес, басқа адамға беріп қоюы мүмкін. Бізге келіп айту керек. Біз ауысытырып береміз. Кешке жақын дауыс беру уақыты жабылған соң бюллетеньдерді санау кезінде кейбір бюллетеньдері шимайланған болады, екі адамға берген болады. Ол есепке алынбайды.

 

Ал ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар түскі сағат 12-ге дейін сайлау бөлімшесіне өтініш түсіру керек. Содан кейін мамандар жылжымалы жәшікті сол үйге алып барады. Ал ең бастысы -  әрбір сайлаушы тек қана өзі дауыс береді. Бұл - Сіздің азаматтық борышыңыз.

Хабарламаларға жазылу