Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасына өз перзентінен көз жазып қалған ана келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасына өз перзентінен көз жазып қалған ана келді

06.06.2019

Гүлмайра Тәуірбекованың қызы Әсел Әмірбекова 2018 жылдың 21 қаңтарында үйден ескертпей кетіп қалған. Алғашқыда жұмысқа кеткен болар деп, ана жүрегі қызының отбасын тастап кеткеніне сене алмайды. Жұмыстан кешіксе де ескертіп отыратын қызының хат-хабарсыз кеткені көңіліне қонбайды.

Бірақ арада бір жарым жыл уақыт өтсе де Әсел туған үйіне оралмады. Гүлмайра ханым қызының аман-есен екеніне сенеді.

Әселдің Ақнұр Есенбекова есімді қызы бар. Қазір әжесі оны тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, мәпелеп өсіріп келеді.

Ананың бір күдігі — Алматы қаласына жұмыс істеп, қаржы жинауға кетті ме деген. Себебі, бұған дейін анасына Алматыға барып, жұмыс істегісі келетінін айтқан. Бірақ, анасы «Ақнұр екеумізді қалай тастап кетесің?» деп, қарсылық танытқан.

Сонымен қатар, Әсел маусым айында Ақнұрға хабарласып, «Мамам қайда? Мен Алматыдамын. 3 күннен кейін келемін» деп айтқан. Бұл оның үміт шырағын жақты.

Бағдарлама барысында Әселдің Алматы қаласында бірге қызмет етіп жүрген құрбысы хабарласты. Оның айтуынша, Әсел Шымкенттің Мұхтар есімді жігітімен бірге тұрған. Кейін келіспей қалып, бөлек кеткен. Ол Әселдің телефон номерін де берді. Бірақ...

Толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар:

https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/58432/06-06-2019-shan-yraq-shanyraq-nemerem-magan-amanat-60-bagdarlama-tolyq-nusqa/

 

Хабарламаларға жазылу