Президент жолдауында айтылған бастамалар халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жолдауында айтылған бастамалар халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған

02.09.2019
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес, қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру, салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тиым салу. Биылғы Жолдау көптің көңілінен шыққаны белгілі. Өйткені әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін тетіктер қарастырылып, нақты міндеттер жүктелді. Елдің игілігі, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін тапсырмалар берілді. Енді Парламент сапалы заңнамалық жұмыспен қамтамасыз етіп, олқылықтың орнын жою керек. 

Жалпыдан жалқыға, сөзден іске. Қазақстандықтардың бұл Жолдауды асыға күткені рас. «Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа сенім артатынын» жеткізген Мемлекет басшысы қарапайым сөзбен халықтың жүрегінен шығатын нақты мәселелерді атады. Енді кәсіпкерліктің тамырына қан жүгірмек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Президентінің көмекшісі:

Тексерістерге мораторий жариялау кәсіпкерлерді қолдауға септігін тигізетін үлкен қадам екені сөзсіз. Сондай-ақ бинзестегі ең үлкен мәселелердің бірі — қаржыландыру мәселесі. Саяси салаға қатысты маңызды мәселелер көтеріліп жатыр.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты өзекті, өткір мәселелер көрініс тапты. Қоғамның әлжуаз тобы да назардан тыс қалмады. «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын»,- деп Президент қазақстандықтарға жігер берді.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:

Жолдаудың ішкі мазмұны жан-жақты қаралған... Бұл Жолдаудың негізгі ерекшелігі – мемлекеттік саясаттың ортасында қарапайым азаматтардың мүддесі болады.
 
«Мықты Президент, күшті Парламент және есеп беретін Үкімет. Бұл – әлі іске аспаған факт емес, нақты мақсат. Соған жылдам жетуіміз керек»,- деді Мемлекет басшысы. Парламенттің жаңа маусымының ашылуына тұспа-тұс келген биылғы Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға депутаттар да белсене кіріспек. Алда заңнамаға өзгерістер енгізу міндеті тұр.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

Парламентке ол заңдар келгенде Парламент толық қолдау көрсетеді деп мен өзім сенемін. Үш жылдың көлемінде барлық тұрмыс жайлары келіспеген.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Соңғы жарты жылда бүкіл қазақстандықтардың ...

Күрмеуі шешілмеген көптеген сұрақтарды, түйіні көп түйткілдің Президент Жолдауында көрініс табуы – қазақстандықтардың кеудесіне ертеңгі жарқын күнге деген үміт гүлін септі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу