Жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны қай санаттағы азаматтар және қандай тәртіппен мерзімінен бұрын қолдана алады? Бұл сұраққа кешелі бері қоғамның қызығушылығы айтарлықтай артып, қызу талқыланып жатқаны белгілі. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осы мәселеге қатысты журналистер сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, бірінші кезекте барлық мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау болады. Толық есеп-қисабы жасалғанша асықпау керектігін ескертті. Айта кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы «Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын»,- деген еді.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Бірінші кезекте, бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін адамдарға тұрмысына қарап. Бірақ оны есептеу керек қанша ақша керек қанша жылға керек деген сияқты оның қанша жинаған қоры бар.
Ербол МӘНДІБЕК