Жолдау – мемлекет пен қоғам арасында сенім орнатудағы маңызды қадам. Президенттің кешегі Жолдауындағы басым бағыттарға талдау жасаған сарапшылардың пікірі осыған саяды. Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар уақыт талабы мен қоғамның болжамдарына сәйкес келеді. «Бір жағынан, халықтың ойы мен қалауын дөп басса, екінші жағынан, Мемлекет басшысының сайлау алдындағы платформасын іске асыруға бағытталған бірізділігін көрсетеді», - дейді жиналғандар. Сондай-ақ көпшілік Президенттің «Экономикалық реформалар саяси жаңғыртусыз мүмкін болмайды»,- деген тұжырымын оң қабылдап жатқандарын жеткізді.
Ерлан Сайыров, саясаттанушы:
Баса айту керек, Жолдаудың ең басқы жағында Қазақстанның эксономикасы дамуы үшін біздің елде қоғамдық-саяси модернизация болу керектігін атап өтті. Бұл — ел дамуындағы үлкен кезең деуге болады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ