Катар 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының эмблемасын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Катар 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының эмблемасын таныстырды

04.09.2019

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл логотип бір жағынан дүниежүзілік футбол матчтарын қабылдайтын сегіз стадионның символы іспеттес. Екіншіден, ол араб және Парсы шығанағы жағалауы елдерінде қыста тағатын жүн салының жібі тәрізді. Сонымен қатар, бұл лого ел астанасы Дохадағы зәулім мұнара мен ішкі істер министрлігінің ғимаратын да еске салады. 

Оны таныстыру рәсімі Нью-Йорк, Мәскеу, Сантьяго тәрізді қалаларда да алып экрандардан көрсетілген. 

Дохада Футболдан әлем чемпионаты 2022 жылы қарашаның 21-де басталып, желтоқсанның 18-де аяқталады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу