YouTube 170 млн доллар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

YouTube 170 млн доллар айыппұл төлейді

05.09.2019

YouTube видеохостингіне балалардың жеке өмірі туралы заңды бұзғаны үшін 170 миллион доллар айыппұл салынды. Әйгілі видео сервистің иесі - Google АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясымен жасалған мәміле бойынша бұл рекордтық соманы төлеуге келісім берген. «Заң бұзған үшін YouTube-ке кешірім жоқ», - дейді осы комиссиясының төрағасы Джо Симонс.

Видео таратушы портал жасы 13-ке толмаған балалар жайындағы мәліметтерде олардың ата-аналарының рұқсатынсыз жинады деп айыпталып отыр. Аталған комиссия өкілдерінің айтуынша, YouTube бұл деректерді жеткіншектерге жарнама көрсету үшін пайдаланған. Ал 1998 жылы қабылданған «Онлайнда балалардың жеке өмірін қорғау актісіне» сәйкес, әйгілі сайттың бұл әрекеті заңды бұзу болып саналады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу