Елордада Qazaqstan Jastar Fest-2019 фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Qazaqstan Jastar Fest-2019 фестивалі басталды

05.09.2019

Шараның ашылуына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған челлендж - еліміздегі жаңа бастама. 

Жадырасын Сәдуақасов осы шараға арнайы шақыртумен келген. Бұл фесивальде жастардың шахмат шеберінен үйренері көп. 

Жадырасын Сәдуақасов, Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қауымдастығының мүшесі:

Интеллектуалды ойын дейді мұндайды. Шахмат, шашка, тоғызқұмалақ болсын. Тіпті бильярд болсын. Көп жыл болды ойнап жүргеніме. 

Фестиваль аясында жас каратэшілер, грэпплинг шеберлері, стритболшылар, футболшылар өз өнерлерін жиналған жұртшылыққа паш етті. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері бойынша бес асық, асық ату, арқан тарту, гір көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Игі бастама Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен өтті.

Серік Сәпиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы:

Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан жастар фест деген фестивалі жарияланды. Енді біз бар облыстарды осындай фестиваль өткізуіне шақырамыз. Қолдаңыздар бізді, біз Нұр-Сұлтан қаласынан осындай фестиваль бастаймыз. 

Спорпен шұғылданғанның денсаулығы да, рухы да мықты болары сөзсіз. Сондықтан осы фестивальдің алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табатынына ұйымдастырушылардың сенімі мол. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу