Елордада Қаламгерлер аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қаламгерлер аллеясы ашылды

06.09.2019
Елордада Қаламгерлер аллеясы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай көшесінің бойынан Қаламгерлер аллеясы ашылды.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумына қатысушы ақын-жазушылар Қаламгерлер аллеясының ашылуының куәсі болды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және Олжас Сүлейменов, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы сынды қабырғалы қаламгерлер қатысты. 

Абай – Ә.Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясы Егемен Қазақстан көшесіне дейін созылып жатыр. Аллея аумағы 1,2 гектарды құрайды. Оның 5,7 мың шаршы метріне тас төселсе, 4,2 мың шаршы метрі абаттандырылған. Яғни, 50 шырша егіліп, 428 жарықшам орнатылған. Ал аллеяның қақ ортасына Абайдың сөзі жазылған мрамордан жасалған кітап қойылған.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу