«Бәріміз мемлекет қызметіне қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуіміз керек. Мен Президент ретінде тиісті шешім қабылдаған кезде сол ұсыныстарды ескеретін боламын. Мұндай бірлескен жұмыс елімізді дамытуға арналған реформаларды жандандыруға ықпал етеді. Бұл жұмысты бәріміз бірге атқарамыз. Біз елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеуіміз қажет», - деді отырысты ашқан Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент жиынға қатысушылардың азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. «Баршаңызға белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Біздің генетикалық кодымызды еңсерілмейтін қақтығыс деген ұғым жоқ. Жауласу мен дауласу халқымыздың өмір салтына тән емес. Біз әрдайым күрделі мәселені мәмілеге келу арқылы шешіп келеміз. Қазіргі мемлекеттік идеологияда «халық жауы», «бесінші колонна», «ықпалдың агенттері» деген ұғым жоқ. Ары қарай да болмайды деген үміттемін. Бұл біз үшін келмейді. Біз өз азаматтарымыздың патриотизміне сенеміз. Ұлттық бірліктің тағы бір тірегі – дамудың демократиялық моделіне ден қою. Өзіміздің ұлттық тарихымызда демократияның негізгі тіректеріне адал бола тұрып, әртүрлі өркениеттік тосқауылдардан өтіп кеттік. Ұлттық консенсус – біздің тарихи басымдығымыз», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында. Еске сала кетсек, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.
«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді Президент.
Президент: «Масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке орай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндет».
«Біріншіден – пікір прюлиазимі. Ұлттық кеңесте әртүрлі әлеуеттік кәсіби топтар, сонымен қатар экономикалық, саяси көзқарастар мен ұстанымдардың кең ауқымды спекторы шоғырланған. Екіншіден - қоғамдық диалогты институттау. Біздің бірлескен жұмыс үшін барлық жағдай жасалған. Үшіншіден - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев негізін қалаған жаңғыру үдерісін »бір ел, бір халық« болып жалғастыру арқылы »,- деді Мемлекет басшысы. Қ.Тоқаев бүгін дәл осында жаңа форматта өтіп жатқан кездесудің өзі оң өзгерістерге бәрінің мүдделі екендігін көрсететіндігін баса айтты. «Халық бізден нақты ұсыныстар мен нәтиже күтіп отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналады деп сенемін. Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүдесі біз үшін өте маңызды», - деді ҚР Президенті.
«Алдағы реформалар ең алдымен саяси жүйе азаматтардың мүддесін қорғай алатындай сипатта жүргізілуі тиіс. Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – мемлекеттің тұрақтылығы. Мемлекеттің барлық саласы мен қоғамды модернизациялау – стратегиялық даму негіздеріне сай, азаматтық қоғамның пікірін талдау арқылы жүзеге асырылады. Құрғақ уәделер мен популизм – ортаңқол саясаткерлердің ісі. Ал біз ойлы пайым мен прагматикалық мақсаттарға сүйенуіміз керек. Бұл қағидаттар біздің жұмыстың мазмұнын құрайды деген сенімдемін», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында. Президенттің айтуына қарағанда, ешкім тоқырау кезеңде өмір сүргісі келмейді. «Біздің бәріміз реформа үшін дайынбыз. Бұл жерде нақты қандай реформа керек деген сұрақ бар. Оның жауабы бірлесе айқындаған нақты ұсыныстарда», - деді ол. Еске сала кетсек, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.
«Технологиялар өзгеріп, экономика, әлеуметтік тәртіп өзгеріп жатыр. Ең бастысы адамзаттың өмір салты туралы түсінігі өзгеріп жатыр. Жастардың әлем туралы көзқарасы қарқынды трансформацияланып жатыр. Жастар әлемдік ірі технологиялық және саяси өзгерістер дәуірінде өз орнын белсенді іздеуде. Әрине, жастар біркелкі емес. Қазақстан бұл жағдайда сырт қалмайды. Біреу ғылым мен өнерге, бизнеске ұмтылады. Біреуге мемлекеттік қызмет немесе қоғамдық белсенділік ұнайды. Алайда ештеңе істегісі келмейтін, толассыз ойын-күлкі мен түнгі клубтан басқаны қаламайтындар да бар. Осылай болған, бар және бола да береді. Осы елдің Президенті ретіндегі тілегім – мақсаты айқын, белсенді жастарға мынау күрделі өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына мүмкіндік беру. Сондықтан, біз бизнеспен айналысуға мүмкіндік туғызып, қабілетті және аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға білім алу үшін гранттар бөлеміз. Талантты балаларды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін құрып жатырмыз. Кейін мемлекетті басқару тізгінін соларға өткіземіз», - деді Мемлекет басшысы.
«Қазақстан дамудың аса маңызды кезеңіне қадам басты. Ел болашағы осы осы кезеңнен абыроймен өтуімізге байланысты. Сайлауалды бағдарламамда мемлекетті дамыту стратегиялық ұстанымдарымды айқындадым. Алдағы бес жыл ішіндегі негізгі бағыттарын атап көрсеттім. Алдымызда тұрған міндеттер күрделі, бірақ бәрін де шешуге болады. Менің барлық тапсырмаларымды іске асыру жоспары бекітілді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өз сөзінде реформаларға мазмұн беру керектігін атап өтті. «Ескі проблемаларға жаңаша шешім керек. Қоғамнан келетін үздік ұсыныстар мен идеялар сөзсіз қолданылады. Алғашқы ұсыныстарды ұлттық кеңестің ұйымдастырушылық отырыстарында айтылғанын кеңесшілерімнен біліп отырмын. Мен оларды жіті зерттедім. Ұлттық кеңестің жұмысы қоғамдық кеңестерді жаңа белеске шығаруы тиіс деген ұсыныспен келісемін. Азаматтық сектор өкілдерін ұлттық компаниялар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың бақылау кеңесіне енгізу ұсынысын қолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. «Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді Президент.
«Ұлттық кеңес мүшелері күнделікті «Ашық әкімдік» тәжірибесін таратуды ұсынып отыр. Шынында да, біз басқарушылық мәдениеттің жаңа стандартына шығуымыз керек. «Ашық әкімдік» жергілікті билікке қоғамдық үшін сервистік сипаттаға болуға жол ашып, халық пен мемлекет арасындағы кедергілерді жояды. Алда бізді шыдамды, өзара сыйластықты талап ететін жауапты әрі күрделі жұмыс күтіп тұр. Өзімнің Жолдауымда мен қоғамдық жүйені модернизациялау жолын жалғастыруды тапсырдым. Қоғамдық саяси өмірін трансформациялаусыз экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес екені белгілі», - деді Президент елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында. Еске сала кетсек, бүгін елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес Ұлттық кеңестің құрамына кіреді.
«Азаматтық белсенділік ел тағдырына деген жауапкершілік, тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс халқымызды алға жетелейді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алып, еліміздің дамуына тың серпін беру маңызды міндет. Кез келген мемлекеттің өз түйткілі болады. Алға ілгерілеу үшін қордаланған мәселелерді уақытылы шешу керек», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы қазіргі саяси-әлеуметтік, экономикалық жэне қоғамдық дамудың сипаты айтарлықтай өзгеретінін айтты.
«Биылғы сайлау науқаны соны анық көрсетті. Ел өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістерге құбылмалы әлемнің де ықпалы зор екендігін түсінуіміз қажет. Дегенмен, Ұлттық кеңес жұмысының бастауында алдағы жұмыстың өте маңызды әрі түбегейлі сәттерін белгілеп берсем. Біздің күш-жігеріміз дамуға бағытталған болуы тиіс. Мен барлық уақытта шектеулі болуға қарсы болып келемін. Себебі ол танымалдық әкелуі мүмкін. Бірақ еш нәтиже бермейді. Ал бізге жемісті жұмыс қашанда керек. Сондықтан өзімнің Қазақстан халқына Жолдауымда саяси реформаларды алдыға ентелеместен, ойластырып, біртіндеп жүзеге асыратындығымызды баса атап өткен едім. Тарихи дамудың логикасы осындай. Дегенмен, уақыт талабынан қалып қоймау керек. Яғни, реформа реформа үшін емес, қажеттілік үшін. Реформалардың қажеттілігі пісіп-жетілді, ол барлығына да түсінікті», - деді Қасым-Жомар Тоқаев.
«Азаматтық белсенділік ел тағдырына деген жауапкершілік, тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс халқымызды алға жетелейді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алып, еліміздің дамуына тың серпін беру маңызды міндет. Кез келген мемлекеттің өз түйткілі болады. Алға ілгерілеу үшін қордаланған мәселелерді уақытылы шешу керек», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы қазіргі саяси-әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық дамудың сипаты айтарлықтай өзгеретінін айтты. «Биылғы сайлау науқаны соны анық көрсетті. Ел өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістерге құбылмалы әлемнің де ықпалы зор екендігін түсінуіміз қажет. Дегенмен, Ұлттық кеңес жұмысының бастауында алдағы жұмыстың өте маңызды әрі түбегейлі сәттерін белгілеп берсем. Біздің күш-жігеріміз дамуға бағытталған болуы тиіс. Мен барлық уақытта шектеулі болуға қарсы болып келемін. Себебі ол танымалдық әкелуі мүмкін. Бірақ еш нәтиже бермейді. Ал бізге жемісті жұмыс қашанда керек. Сондықтан өзімнің Қазақстан халқына Жолдауымда саяси реформаларды алдыға ентелеместен, ойластырып, біртіндеп жүзеге асыратындығымызды баса атап өткен едім. Тарихи дамудың логикасы осындай. Дегенмен, уақыт талабынан қалып қоймау керек. Яғни, реформа реформа үшін емес, қажеттілік үшін. Реформалардың қажеттілігі пісіп-жетілді, ол барлығына да түсінікті», - деді Қасым-Жомар Тоқаев.
«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – бұл қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етеді. Соңғы уақытта «Жер шетелдіктерге сатылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі», «мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай қауесеттер адамдардың патриоттық көңіл күйін шебер пайдаланып жүрген ниеті дұрыс еместерден таралып жатыр», - деді Президент.
Менің мемлекеттік билігімнің формуласы – мықты әрі уәкілетті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет. Аталған формула өздеріңіз түсінетіндей, әзірге толыққанды күшінде болмаса да, ол іске асуы тиіс. Сол үшін біз оны шынайылыққа айналдыруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өз сөзінде Қазақстанның президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет ретінде қала беруі тиіс екенін атап өтті.
«Бірақ, Парламентке саяси жүйеде лайықты орнын алуы керек. Бұл жерде мәселе тек сайлау заңнамасын жетілдіруде емес. Ол міндетті түрде жетілдіріледі. Парламент қолданыстағы заңнамаға сай, маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда айтарлықтай салмақты рөлге ие болуы керек. Саяси бәсекелестікке импульс беретін уақыт келді», - деді ол.
inform.kz