Шетелдік қаламгерлер Жетісу өңірінде студенттермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік қаламгерлер Жетісу өңірінде студенттермен кездесті

10.09.2019

Жуырда өткен Азия жазушыларының форумына келген қаламгерлер ел аралап жүр. Әзірбайжан және Түркия елінің ақындары ат басын Талдықорғанға бұрды. Жетісудың тұмса табиғатын тамашалап, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студент жастарымен кездесті. Өз шығармашылығымен таныстырып, жас қаламгерлермен пікір алмасып, сұхбат құрды. 

Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы жанынан құрылған «Мизам» әдеби клубы ұйымдастырған кездесуде студенттер үш елдің әдебиеті мен мәдениетін салыстыруға мүмкіндік алды. Ал шетелдік қаламгерлер Азия елдері арасындағы рухани байланыстың нығайып келе жатқанын атап өтті. 

Мехмет Нури Пармаксыз, ақын (Түркия):

Жастар - біздің келешегіміз. Олардың ішінен мықты ақын шығуы мүмкін. Бәлкім мықты жазушы шығуы мүмкін. Сондықтан олардың қанатын қатайтып қолдау көрсету керек. Осы кездесуде мен олардың көздерінен от көрдім. Жастар ізденімпаз. Білімге, білмегенін білуге құштар екен. Мен соған қуандым. 

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу