Еңбек министрі зейнетақы жинағына үй сатып алу ұсынысына пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек министрі зейнетақы жинағына үй сатып алу ұсынысына пікір білдірді

11.09.2019
Еңбек министрі зейнетақы жинағына үй сатып алу ұсынысына пікір білдірді

«Қазіргі уақытта алдымызда зейнетақы жинағын шешіп аларлықтай азаматтарда қор жеткілікті ме деген мәселе бар. «Зейнетақы жинағының жеткілікті болуы немесе болмауы» деген мәселені ескеру керек. Яғни, біздің жинаған ақшамыз қартайғанда жоқ дегенде минималды мөлшердегі зейнетақыны алып отыруға жетуі тиіс. Ол сома шамамен ер адамдарға 11 миллион теңге, әйелдерге 13 миллион теңге көлеміндегі қаражат. Егер дәл осы аталған сомадан артық ақша жинаған адамдар зейнетақының бір бөлігін шешіп алуға құқылы болса, олардың дәл қазіргі табысы жоғары деген сөз. Ал менің ойымша, бүгінгі таңда керісінше, бұл ұсыныс табысы төмен отбасылар үшін қолданылуы керек деген ойдамын», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 

Министр өз сөзінде БЖЗҚ-да 10 миллион адамға тиесілі 10 трлн теңге зейнетақы қоры барын атап өтті.

«Орташа алғанда әр адамға 1 миллион теңгеден... Әлбетте, аталған жағдайда барлық тәуекелдерді есептеп алу керек. Себебі зейнетақы жинағы – қартайғанда пайдаға жарайтын сома. Бүгін оның бәрін шешіп алып, ертеңге ештеңе қалдырмаған жарамайды. Әртүрлі нұсқа баршылық. Маңызды есепті жүргіземіз деген ойдамын», - деді Біржан Нұрымбетов.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу