Елордада Astana Media Week апталығы басталды. Осымен 3-ші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шара ақпарат құралдары саласында қызмет ететін мамандардың басын біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылау үшін түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға бағытталған. Осылайша медиа саласының дамуын жеделдетпек. Медиа апталыққа қатысып жатқан тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы баяндайды.