Алматыда 90 орындық тар мектепте 545 бала білім алып жатыр. Алатау ауданы Рахат ықшам ауданындағы бұрынғы балабақша қазір мектепке айналған. Ескі әрі тар нысанда бір партада үш баладан отырауға мәжбүр. Оқушыларды сыйғызу үшін мектеп басшылығы, тіпті өз кабинеттерін де сыныпқа айналдырған. Ал ауыл тұрғындарының жаңа мектепті күтіп жүргендеріне талай жылдан асқан.
Рахат ықшам ауданындағы мына ғимарат осыдан 66 жыл бұрын балабақша ретінде салынған. Қазір мектеп есебінде қолданылысқа берілген. Бір-біріне жапсарлас орналасқан 90 орындық үш нысанда 545 бала білім алып жатыр. Кабинеттер тар болғандықтан бір партада 3 баладан отырады.
Айнаш Түгелбаева, қала тұрғыны:
Осы жерде 5 жылдан бері тұрам. Биыл осы мектепке екі ұлым келді. Біреуі жетіде, біреуі енді алтыға толады. Мектеп өте ескі. Кішкене өте шағын мектеп.
Әлия Кімбаева, қала тұрғыны:
Мектепте балалар қыстырылысып отырады. Сыйыспай. Тіпті мұғалімдерде отыратын жер жоқ қой. Сабақтарын күтіп отыруға…
Рахат ықшам ауданы осыдан 5 жыл бұрын облыс қарамағынан қаланың құрамына өткен. Мектеп басшылығының айтуынша, сол кезде мұнда 200-ден астам бала оқыған. Бірақ жаңа аудан жыл сайын өсіп, бүгінде халық саны 25 мыңға жуықтаған. Ал оқушылардың саны 1000-нан асады. Солардың жартысынан көбі осы мектепке келеді. Өйткені мұндағы жалғыз білім мекемесі осы.
Жанат Амангелдиева, №196 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары:
Акиматтың бәрін көтеріп жатыр. Біздің Рахат ықшам ауданы өсіп жатыр. Балалар көп. Кабинеттерін бәрін, әкімшілік кабинеттерге де отырғыздық балаларды.
Бұл мектептің мәселесін қалалық білім басқармасының өкілдеріде көптен білетіндерін айтты. Биыл шағын ауданның тұрғындарымен кездескен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та жаңа мектеп салып беруге уәде беріпті.
Гүлнәр Қожабергенова, Қалалық білім басқармасының басшысы:
Мектеп салуға қаражат бар. Ал бірақ жер мәселесі өте қиындық туғызып тұр. Сол себептен осы 4-5 жылдың көлемінде жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда жер телімдерін сатып алу мәселесі аяқталды. Қазір жердің мәселесі шешілді. Енді құрылыс басқармасы сол мектептің сметалық жобалық құжатын әзірлепжатыр.
Мамандардың айтуынша, құрылыс жұмысы келесі жылы басталуы мүмкін. Ал оған дейін мына балалардың осылай тар бөлмелерде сығылысып оқи тұруларына тура келеді.
Амангелді СЕЙІТХАН