Алматы облысындағы Қорғас шығыс қақпасы арнайы экономикалық аймақ арқылы тауар найлым еселеніп келеді. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен «Құрғақ порт» жобасы аясында былтырдың өзінде 92 мың контейнер өтті. Кәсіпорын көрші елдің темір жолынан Қазақстан теміржолына жүк түсіріп-тиейумен және сақтаумен айналысады. 2015 жылы іске қосылған серіктестік акцияларының 51 пайызы Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының үлесінде.
Кәсіпорын биылғы жылдың сегіз айында 90 мыңға жуық контейнер тиеп жөнелткен. Жүктер негізінен Лянлюнгань портынан Орта Азия елдері мен Батыс Еуропаға теміржолмен екі апта мерзімінде жетеді. Бұрын контейнерлер мұхит арқылы 1,5-2 ай уақытта әрең баратын. Халықаралық нормаларға сәйкес жүк футпен өлшенеді.
Мадияр Омаров, Өнеркәсіптік өндіріс департаментінің директоры:
Бізде 40-45 футтық контейнерлер түсіріліп тиеледі. Соның ішінде халықаралық мөлшерлеме 20 футтық эквивалент болып табылады. Сондықтан барлық көрсеткіштеріміз 20 футтық эквивалентпен көрсетіледі. Тәулігіне 400-500 контейнерге жуық тиеп түсіреміз.
Кәсіпорында 200 дей адам еңбек етеді. Барлығы да Панфилов ауданына қарасты елді-мекендерінің тұрғындары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайлары да назарда. Мәселен жүк тиеуші Нұрлан Нұрпейісов құрғақ порт ашылған алғашқы күннен бері жұмыс істеп келеді. Маманның баспана мәселесі бірден шешілді.
Нұрлан Нұрпейісов, жүк тиеу операторы:
Порт 2015 жылы ашылды. Сол ашылғаннан осындай істеп жатырмын. Осы «ричтакерде» ашылғалы бері. Келген составтарды түсіріп жатырмыз. Жұмыс жақсы, жаман емес. Құдайға тәубә. Сухой порт үй берді.
Арнайы экономикалық аймаққа өзге мемлекеттерден инвесторлар келіп, кәсіпорындар ашуда. Биыл екі құрама жем зауыты бой көтерді. Жаңадан салынып жатқандары да бар.
Серғали Сұлтанғазин, менеджер:
Жалпы инвестиция құйып жатқан мемлекеттер ішінде араб елдері бар. Афганистан мемлекеті бар. Және басым бөлігі осы Қазақстан инветсицилары. Қазір салынып жатан заводтардың биыл төрт зауыты ісске кіріседі.
Арнайы экономикалық аймаққа келген кәсіпкерлер бірқатар салықтан босатылады. Сондай-ақ өндірілген өнімді екі елдің нарығына шығаруға қолдау көрсетіледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ