Чехияны фашизмнен азат еткен кеңестік генерал И.Коневтің ескерткіші алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияны фашизмнен азат еткен кеңестік генерал И.Коневтің ескерткіші алынып тасталды

13.09.2019

Чехия астанасы кеңестік маршал Иван Коневтің ескерткішін алып тастауға дауыс берді. Оның орнына Праганы 1945 жылы фашистерден азат еткен қаһармандарға ортақ мемориал орнатылады.

Конев Екініші дүниежүзілік соғыста Чехословакияның басым бөлігін неміс басқыншыларынан босатқан Қызыл армияға қолбасшылық етті.

Бірақ 1989 жылы Шығыс Еуропада коммунизм құлағаннан кейін әйгілі қолбасшының статуясын құлату мәселесі көтеріле бастады. ӨйткенІ кейбір чехиялықтардың ойынша, Конев 1956 жылы Венгрияда көтерілісті жойқын күшпен басуға және 1961 жылы Берлин қабырғасын тұрғызуға атсалысты. Сонымен қатар Кеңес әскері 1968 жылы Чехословакияға басып кірер қарсаңда Конев барлау жұмыстарына тартылған. Ал Ресейдің Прагадағы елшілігі жергілікті биліктің ескерткішті алу жоспарын «Қызыл Армия жауынгерлерінің рухын масқаралайтын өрескел әрекет» деп атады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу