«Алтын адам» Түркиядағы көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адам» Түркиядағы көрмеге қойылды

17.09.2019

«Алтын адам» Анадолы жерінде. Талай ғасырдан сыр шертетін туынды Түркиядағы үлкен көрмелердің біріне қойылды. Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» шетел азаматтарына еліміздің терең тарихына үңілуіне мүмкіндік береді. 

Бұл шаралар елімізді таныстыру тұрғысынан маңызды. Көрмеге Ұлттық музей қорынан 200-ден аса туынды қойылды. Олардың дені - алтын мен күміспен қапталған аң стиліндегі бұйымдар. Қазақтың құнды жәдігерлері Анадолы жерінде қазанның 12-не дейін болады.

Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

Қазақстанның бай мәдени тарихын таныту тұрғысынан Ұлы даланың мәдениетін таныту мақсатында аса мәнге ие. Бірақ екінші жағынан, бұл бауырлас түрік халқымен екі арадағы мәдени байланыстарымызды көрсету тұрғысынан өте маңызды. Себебі Анадолы мәдениеті - ерекше бай мәдениет. Түрік тарихының әртүрлі кезеңдері бар. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу