Бәсекеге қабілетті болу - заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бәсекеге қабілетті болу - заман талабы

17.09.2019

Казіргі заман кез келген маман иесіне креативті, жасампаз болуды талап етіп отыр. Елордада өтіп жатқан Ғаламдық инновациялық саммитте ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев осындай пікір білдірді. Еңбек сипаты, экономикалық трендтер құбылып тұр. Қазақстан Үкіметі бәсекеге қабілеттілікті дамытып, инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін 8 реформалық құжат дайындауда. 

Бұл құжаттар 20-дан астам реформалық өзгерісті қамтымақ. Соның ішінде шағын және микробизнесті дамыту сияқты өзекті мәселелер бар. Бизнестің аталмыш саласына түсетін салық жүктемесін азайту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Осы өзгерістердің арқасында 1 млн-нан астам кәсіпкердің 3 жыл бойы салық жүктемесі жеңіл болады.  

Дебора Винс-Смит, «GFCC» президенті:

Қазақстан өз дамуында елеулі жетістіктерге жетті. Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы деп еш күмәнсіз айта аламыз. Ширек ғасырда іске асқан реформалар өз нәтижесін беріп отыр. Сол себепті жаһандық форумды сіздердің елдеріңізде өткізуді жөн санадық.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу