Сібір жарасын жұқтырған 4 адамның жағдайы орташа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сібір жарасын жұқтырған 4 адамның жағдайы орташа

17.09.2019

Таразда сібір жарасын жұқтырған 4 адамның қазіргі жағдайы орташа. Науқастармен қарым-қатынаста болған 44 адам бақылауға алынды. Оның 4-і бала. Қауіпті індетті Жамбыл мен Жуалы аудандарының тұрғындары жұқтырған. Болжам бойынша олар індетті, ауру малды сою кезінде жұқтырған болуы мүмкін. Өйткені азаматтар он шақты күн бұрын сиыр сойған. Бірақ жауапты мамандар кеселдің қайдан шыққаннын нақты айта алмай отыр. Қазір барлық науқастар Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған бөлмеде жатыр. Сібір жарасы өңірде соңғы 12 жылдан бері тіркелмеген .

Гүлфайра Мырзабекова, Жамбыл облыстық инфекциялық аурулардың қатерлерін бақылау кеңестік-әдістемелік орталық жетекшісі:

20 күннен аса ем қабылдайды. Осы медициналық дәрігерлердің бақылауында болады. Осы аурухана ішінде. Қазір сібір жарасының қоздырғышы жараның ішінде ғой. Ол ем қабылдамаса қоздырғышы денеге бүкіл қанға жайылып кетеді де науқастың өлім жағдайына алып келеді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу