Биыл Петропавлда жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталады. Яғни 20 қыркүйек күні балабақшалар мен мектептер, ауруханалар жылытыла бастайды. Осыған орай, қалалық қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мен мәслихат депутаттары жылыту маусымына дайындық барысын пысықтады. Жалпы қазіргі күні облыс орталығындағы әлеуметтік нысандар әзір. Ал шаһардағы 1086 көпқабатты үйдің әзірге 92 пайызы ғана жылыту жүйесін тазартып, даярлық құжатын алған.
Виталий Холоша, «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:
Қазіргі күні пенополиуританмен қаптап жатырмыз. Бұрын минералды мақтамен қапталатын, оның жылу ұстау сапасы төмен. Бұл ең алдымен кәсіпорынның шығынын азайту, тұрғындарға түсетін салмақты азайту үшін жасалған қадам. Жұмыс қараша айында толық аяқталады.
С.Сәбитұлы