Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасына байланысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасына байланысты жиын өтті

18.09.2019

Елордалық ата-аналар үшін балабақшалардағы тамақтандыру сапасын қадағалауларына мүмкіндік алмақ. Білім басқармасы белсенді ата-аналарды мониторингке қатысуға шақырып отыр. Ол үшін 20 қыркүйекке дейін Қалалық білім басқармасының сайтында өтінім қабылдайтын арнайы айдар ашылады. Өйткені мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану сапасы әлі күнге дейін көңіл көншітпейді. Ата-аналар тарапынан шағымдар мен арыздар келіп түсуде. Ұшынған жайттар да кездесіп жатыр. Тамақтандырудың сапасын арттыру үшін бірнеше ай бойы арнайы мониторинг жасалып, қорытындысы бойынша ұсыныстар министрлікке жолданбақ. Нәтижесінде ата-аналар балабақшадағы тамақ беру процесін бейнебақылау камералары арқылы бақылайтын болады.

Әнуар Жанғозин, Қалалық білім басқармасының басшысы:

Мемлекеттік балабақшалар бойынша кейбір кезде наразылық туындайды. Жеке меншік балабақшалар да туындайды. Сол себептен мониоринг жүргіземіз. Біріншіден, мемлекеттік балабақшалардан бастаймыз. Содан кейін жеке меншік балалақшаларға барып, мониторинг жүргіземіз.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу