Сауд Арабиясы зымыран мен дрон сынықтарын көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы зымыран мен дрон сынықтарын көрсетті

19.09.2019

Сауд Арабиясы өзінің мұнай инфрақұрылымдарына жіберілген дрондар мен қанатты зымыранның сынықтарын көрсетті. Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Түрки әл-Мәлкидің айтуынша, бұл арсенал Иранда жасалған. Алайда, Тегеран өткен сенбідегі шабуылдарға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.

Әл-Мәлки мәлімдегендей, сол күні екі зауытқа 25 дрон мен бір ракета соққы берген. Соңғысын Иран революциялық сақшылар корпусы қолданды деген мәлімет бар. Ислам Республикасы мұны да жоққа шығарып отыр.

Айта кетсек, Саудияның мұнай өндірісі көлемін жартылай тоқтатқан сол шабуылды Иранға арқа сүйеген йемендік шиит-хуситтер өз мойнына алғаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу