Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады

19.09.2019
Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады

Мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандығы үшін тиісті айыппұлдар болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Мемлекет басшысы мұғалімдерді керек емес әртүрлі жұмыстарға тартуға тосқауыл қою мәселесін көтерді. Бұл ретте қаптаған есептер мен артық жұмыстар баршылық. Сондықтан бұл бағытта тиісті шараларды атқарамыз. Заң жобасында қажетті санкциялар қарастырылды», - деді министр Мәжілістегі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін.

Мұғалімдерді оларға қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін және артық есептілікке жеккені үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу