Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті активке таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті активке таныстырды

19.09.2019

Қарағанды облысының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Өңірдің жаңа басшысын Премьер-Министр Асқар Мамин келіп, облыс активімен таныстырды. Мемллекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білікті үйлестіруші деп ұсынған Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын облыстық мәслихат бір ауыздан қолдады. Жеңіс Қасымбек бұған дейін Премьер –Министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу