Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымындағы 100 күнін өткізді. Саясаткер үшін мұндай мерзім өткенін қорытындылап, болашаққа бағдар жасайтын маңызды кезең. Қазақстанның жаңа Президенті аз уақытта ауқымды істерді қолға алды. Әлеуметтік әлсіз топ өкілдерінің несиелері кешірілді, жалақы өсуі, атаулы әлеуметтік көмек тәртібі өзгерді. Қысқасы, өткен 100 күн Президенттің сөзден гөрі іске бейім тұлға екенін дәлелдеді.
100 күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «транзиттік жолаушы» емес, толыққанды Президент болатындығын мәлімдеді. Бүгін орталық коммуникациялар алаңында бас қосқан сарапшылар Тоқаев сөзінде тұрды деген пікірді ұстанып отыр. Елдегі саяси жүйе трансформациялануда. Билікке жаңа тұлғалар келді. Олардың арасында жастар көп. Ұлттық қоғамдық кеңес құрылды. Халықтың үніне құлақ асатын мемлекеттің үлгісі жасақталып жатыр. Әрине, ел күткен әлеуметтік мәселелер шешіле бастады. Атаулы әлеуметтік көмекті 340 мың жанұя немесе 1,8 миллион адам алды.
Ерлан Сайыров, саясаттанушы:
Өздеріңізге белгілі... Кредит мәселесі шешіледі.
Көпшілік интернетті бұғаттау деген сөзді ұмытты. Бұл да Президент берген уәденің іске асқанына айғақ. Мемлекет басшысы дәрігерлер мен мұғалімдер жалақысын арттыруды тапсырды. Келер жылдан бастап «Дипломмен ауылға » жобасына бөлінетін қаржы 20 миллиард теңгеге дейін өспек. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау үшін алдағы үш жылда 58 миллиард теңге бөлінеді. Бизнеске қолайлы жағдай туғызу үшін мемлекет жұмыс берушілерден қосымша алынатын 5% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарнасын 2023 жылға дейін шегерді.
Қазбек Майгелдинов, Еуразия интеграциялық институтының ғылыми-зерттеу орталығының басшысы:
Президент ісімен көрсетіп отыр... есептеуіміз керек.
Эдуард Соловьев, саясаттанушы /Ресей/:
Қасым-Жомарт Кемелұлының жүйелі позициясы сайлау компаниясынан бері байқалған. Оның 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы менің ерекше есімде қалды. Оның Жолдауы саяси бөлімнен басталады. Тоқаев Қазақстан алдындағы жалпы тенденцияны түсінетін үлкен саясаткер. Өз елінің алдында нақты проблемалар тұрғанын ол жақсы ұғынған.
Елді елең еткізген ерекше жобаның бірі — еститін мемлекет. Президент жанындағы «виртуалды қабылдауға» осы 100 күн ішінде 4-мыңға жуық арыз келіп түскен. Соның 1400-і оңтайлы шешілді. Яғни халық Президентке тікелей хат жазып, оң шешім күтсе, бұл сенім емей, не?
Ғабит Бөкенбай, тілші:
Қасым-Жомарт Тоқаев — ең алдымен кризис менеджер ретінде танылды. Бұл сөзге Арыс оқиғасы дәлел. Шаңырағы ойылып ортасына түскен халықтың ортасына өзге емес, өзі барды. Мемлекеттің бірінші тұлғасы мен қарапайым тұрғын арасында шекара жоқ екенін іспен көрсетті. Ал осы 100 күн Президент Тоқаев ғұмырындағы ең маңызды 100 күн екеніне еш күмән жоқ. Алғашқы сын артта қалды. Алда одан да маңызды күндер күтіп тұрғаны сөзсіз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ