Абай оқулары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай оқулары басталды

23.09.2019

Талдықорған төрінде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы басталды. Шараға облыстық және қалалық сайыстардан оза шапқан 20-ға жуық жеңімпаз қатысып жатыр. Доданың бірінші кезеңінде қатысушылар Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінді оқыды. Ал екінші кезеңде Ілияс Жансүгіров пен Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығы және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдықтары аясында ақындардың поэзиялық шығармаларын оқуы тиіс. Мұндағы мақсат: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігі мен сөздік қорының байлығын насихаттап, көркем әдебиетке жастар ықылысан арттыру. 

Мұратбек Иманғазинов, Филология ғылымдарының докторы, профессор:

Шығармаларды қалай айту, қалай жеткізуге келген уақытта өте жақсы дайындалған. Бірінші кезекте мәтінді танып білу керек. Оны іштей сезіну керек. Содан кейін жүрекпен айта білу керек. Жүрекпен айтқан сөз жүрекке барып тіреледі дейді. Сондықтан да дайындықтары өте жоғары дәрежеде.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу