Еліміз бойынша рұқсат етілмеген шеруге қатысқан 100-ден астам адам ішкі істер органдарына жеткізілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша рұқсат етілмеген шеруге қатысқан 100-ден астам адам ішкі істер органдарына жеткізілген

23.09.2019

Еліміз бойынша рұқсат етілмеген шеруге қатысқан 100-ден астам адам ішкі істер органдарына жеткізілген. Олардың 15-і әкімшілік жазаға тартылса, 9-адам әкімшілік қамауға алынды. Ал қалғандары түсіндіру жұмыстарынан кейін үйлеріне босатылған. Үкімет отырысынан кейін, 21 қыркүйек күні өткен митингілерге қатысты Ішкі істер минитсрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Оның айтуынша, заңсыз митингілер еліміздің 7-8 қаласында өткен. Министр 19 жастағы арудың ұсталуына да қатысты түсініктеме берді.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі: 

Ол қыз 19 жаста. Полиция қызметкерлері жұмыс істеген жерде бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу