2022 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керек. Бұл туралы Аграрлық жоғары оқу орындары басшыларының форумында айтылды. Осы салада еңбек етіп жүрген 18 елдің мамандары Алматыда бас қосты.
Олардың пікірінше, Біріккен ұлттар ұйымы жобалары мен экономиканы дамытып, іске асыруда аграрлардың үлесі айрықша. Ресей, Украина, Молдова, Белорусь, Армения сияқты тағы да бірнеше алыс-жақын мемлекеттен жиналған білікті ғалымдар аграрлық ғылым мен білімді заман талабына сай дамыту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, олар кәсіби маман даярлау мен жаңа технологияларды енгізу және ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану тетіктерін пысықтады. Бұдан бөлек, алқалы жиын аясында шетелдік ғалымдар студенттермен кездесіп әңгімелесті. Ал, жастар оларды стартап жобалармен таныстырды.
Тілектес Есполов, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры:
Жер ресурстарын, су ресурстарын тиімді пайдалануымыз керек. Еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануымыз керек. Осы мәселелерді кеңінен талқыладық.
Біз үш ақ пайыз бүгін жаңа технологиялар жаңарып отыр. Ал, ол пайыз он пайызға дейін жаңару керек жылына. Соған байланысты бүгінгі ауыл шаруашылығындағы өндіріс, ауыл шаруашылығындағы өнімнің ұлғаймай жатқаны біз жаңа техниканы тартпай отырмыз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ