Елордада интеграциялық үдерістер туралы конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада интеграциялық үдерістер туралы конференция өтті

26.09.2019

Елбасының ширек ғасыр бұрын айтқан интеграциялық идеялары өзінің өміршеңдігін көрсетіп ғана қоймай, Еуразиялық экономикалық одақ үшін жоғары сұранысқа ие болуда. Ресейлік сарапшы, экономика ғылымдарының докторы Александр Сидорович осындай ойымен бөлісті. «Жаңа дәуірдегі интеграциялық үдерістер тенденциясы» тақырыбы халықаралық ғылыми-конференцияда талқылануда. 

Қазақстандық сарапшылардың сөзінше, экономиканың барлық саласында өзара бірігіп жұмыс істеудің ауқымы артып, мазмұны терең сипатқа ие болуда. Сәйкесінше, қарама-қайшылықтар мен әртүрлі мәселелер туындауы ықтимал. «Бұл ретте ортақ мәмілеге келу арқылы, кедергілерді жою мемлекеттер үшін үлкен күш-жігерді қажет етеді», - дейді мамандар. 

Арман Ешмұратов, Еуразиялық интеграция институтының жетекшісі:

Жалпы, қазір біздің конференцияда интеграция мәселелері көтеріліп жатыр. Ол енді өте өзекті, себебі қазіргі уақытта обективтік нәрсе одан ешкім қашып құтылмайды. Ең бастысы, интеграцияның арқасында көп пайда көруге болады. 

Ербол Мәндібек


Хабарламаларға жазылу